22

Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық мектебінің делегациясы Баку қаласында өткен «Тәжірибе негізінде оқыту» IB мектептерінің халықаралық конференциясына қатысты.

Мектеп педагогтары шетелдік әріптестеріне өздерінің қызықты тәжірибелерін ұсынды. Орыс тілі мұғалімі А.Т. Жуматова мен ағылшын тілі мұғалімі А.И. Өміртас эмпирикалық теория арқылы түпнұсқадағы және аудармадағы мәтіндерді талдау бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Математика пәнінің мұғалімі Д. М. Қожамсейіт «Оқушы тәжірибесі – оқытудың ең құнды құралы» тақырыбында тәжірибе бөлісті. Шеберлік сағатының негізгі идеясы – топтық жұмыс және пікірталас арқылы студенттердің оқу тәжірибесін пайдалану. Бұл оқушылардың белсенді ынтымақтастығы мен оқудың үздіксіздігін түсінуге әкеледі.