44

Астана қаласындағы Халықаралық мектептің Психологиялық қызметі

АБҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептер» филиалдарының Психологиялық қызметі туралы 09.09.2015 ж. (№47 хаттама) Ұйым басқармасының шешімімен бекітілген Типтік ережесіне сәйкес, Астана қаласындағы Халықаралық мектепттің Психологиялық қызмет іс-әрекетінің мазмұны мен негізгі бағыттары анықталады:

  1. 1. Психологиялық ағарту
  2. 2. Психологиялық профилактика;
  3. 3. Психологиялық диагностика;
  4. 4. Психологиялық коррекция;
  5. 5. Кеңес беру қызметі.

Біздің мектеп ата-аналарына психологтан берілетін жалпы ұсыныстар:

  • Өз балаңыздың махаббатын бағалаңыз!
  • Баланың өз бетімен жұмыс істеуіне, шешім қабылдауына барынша мүмкіндік жасаңыз;
  • Шектеу жасау немесе жазалау кезінде бала бұның себебін анық түсінуі қажет;
  • Тыйым салу мөлшерден аспауы тиіс. Баланың табиғатында қарсы тұру рухы бар екенін ұмытпаған дұрыс;
  • Ешқандай телевизор, гаджет немесе репетитор Сізді, Сіздің баламен қарым-қатынасыңызды алмастыра алмайтынын есіңізде ұстаңыз!
  • Өзіңізде әзілдесе алу қабілетін дамытыңыз. Балаңыздың Сізбен бірге күлуіне, әзілдесуіне мүмкіндік беріңіз.
  • Бала Сізден мұғалім, мектеп туралы тек жағымды сөздерді естігені дұрыс.
  • Балалық шақтың тым қысқа екенін есіңізде ұстаңыз. Балалық шағында бала болып өсуіне мүмкіндік бермесек, оның балалық шағы өмір бойы жалғасуы мүмкін!

АТА-АНА ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН БАҚЫТ – БАЛАСЫН ӨЗ-ӨЗІНЕ СЕНІМДІ ҚАЛЫПТАСҚАН АДАМ РЕТІНДЕ КӨРУІ