15

Астана қаласындағы Халықаралық мектеп оқушылары Самира Сұлтанова, Әлімжан Ермұханбет және Нұрәли Болат математика пәнінен республикалық «Бастау» олимпиадасында командалық есепте үшінші орынды еншіледі.

Биыл олимпиадаға 40-там астам команда қатысты. Байқау Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатында 24-28 наурыз аралығында өтті.