170

Жалпы ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының Халықаралық мектебі дипломдық бағдарлама бойынша Халықаралық Бакалавриаттың авторизацияланған мектебі. Дипломдық бағдарлама – 16-19 жас аралығындағы студенттерге арналған екі жылдық университетке дейінгі білім беру бағдарламасы. Бағдарлама студенттерге университетте оқуға оңай бейімделуге мүмкіндік беретін іргетас ретінде лайықталған. Оқу аяқталған кезде студенттер талдау, ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырып, тәуелсіз зерттеу жүргізу тәжірибесі, уақытты ұйымдастыру және жоспарлау дағдыларын дамытып, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінеді. Халықаралық Бакалавриат дипломы білімнің жоғары сапасын куәландырады, оны әлемнің жетекші университеттері мойындайды және жаһанның көптеген жоғары оқу орындарына Foundation бағдарламасынсыз түсуге мүмкіндік береді.

Дипломдық бағдарламадағы оқу жоспары

Оқушылар таңдау бойынша 6 пәнді және 3 міндетті компонентті, яғни Таным теориясы (TOK), Кеңейтілген эссе (Extended Essay) және CAS (шығармашылық, әрекет, қызмет) оқып, өз оқу жоспарын дайындайды. Әр оқушы кем дегенде үш пәнді жоғары деңгейде (HL) және үш пәнді стандартты деңгейде оқуға міндетті.

Нұр-Сұлтан қаласының Халықаралық мектебі Дипломдық бағдарламада оқу үшін таңдау бойынша келесі пәндерді ұсынады:

ТопПәндерОқу деңгейі
Тіл және әдебиет\әдебиетҚазақ әдебиеті
Орыс тілі және әдебиеті
Ағылшын тілі және әдебиеті
SL
SL/HL
SL
Тілді меңгеруАғылшын тіліSL/HL
Адам және қоғамДүниежүзі тарихы Экономика
Жаһандық қоғамдағы ақпараттық технологиялар
Қоршаған орта мен қоғамның жүйелері
SL/HL
SL/HL
SL/HL
SL
Жаратылыстану ғылымдарыХимия
Физика
Биология
SL/HL
SL/HL
SL/HL
МатематикаМатематика: анализ және тәсілдері
Математика: қолдану және интерпретация
SL/HL
SL/HL
ӨнерБейнелеу өнеріSL/HL

SL – стандартты деңгей

HL – жоғарлатылған деңгей

3 міндетті компонент:

  • Theory of Knowledge (TOK) – «Таным теориясы» – оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған пәнаралық курс. Курс аясында оқушылар алған білімдерінің табиғатын зерттейді, өз көзқарастарын сындарлы дәлелдермен қорғап, пікір таластыруды үйренеді. Курстың нәтижесі бойынша оқушы эссе жазып, презентацияны қорғау керек.
  • Creativity, Activity, Service (CAS) – «Шығармашылық, әрекет, қызмет». Компонент аясында студенттер үш бағыттың әрқайсысы үшін белгілі бір жұмыс көлемін орындауы керек. «Шығармашылық» бағытын орындай отырып, оқушылар креативті ойлау мен дағдыларды дамытады, креативті қызметке қатысу арқылы жаңа тәжірибе алады.»Әрекет» бағытын дамыта отырып, оқушылар салауатты өмір салтын насихаттайды.»Қызмет» бағыты шеңберінде оқушылар волонтерлік қызметке қатысады, жергілікті және жаһандық проблемаларды шешуге ықпал етеді, айналадағы адамдар мен қоғамға пайда әкеледі.
  • Extended Essay – Дипломдық бағдарламаның соңында әр оқушы таңдалған пән бойынша көп дегенде 4000 сөзден тұратын кеңейтілген эссе жазуы керек. Бұл –студенттер жетекшінің көмегімен өз бетінше жүргізетін зерттеу жұмысы. Осы компонент шеңберінде оқушы зерттеу, сыни ойлау дағдыларын, сондай-ақ университеттік ортада талап етілетіндей өз ойларын академиялық нысанда баяндай білуді дамытады.

Дипломдық бағдарламадағы бағалау жүйесі

Әрбір пән бойынша академиялық оқу барысында орындалатын ішкі емтихан компоненті, сондай-ақ 12-сыныпты аяқтағаннан кейін мамыр айында тапсырылатын сыртқы емтихан бар. Ішкі емтихан компонентін мектеп мұғалімі тексереді, бірақ Халықаралық Бакалавриаттың емтихан алушылары модерациялайды. Сыртқы емтихандарды Халықаралық Бакалавриаттың сарапшылары мен емтихан алушылары әзірлейді және тексереді.

Әрбір пән жеті балдық жүйе бойынша бағаланады, яғни 7 – ең жоғары балл. Қосымша үш баллды жақсы орындалған кеңейтілген эссе және білім теориясы бойынша орындалған жоба үшін алуға болады. 45 балл – студенттің дипломдық бағдарлама бойынша алатын ең жоғары нәтижесі.

Дипломды алу шарттары

Бүкіл әлем бойынша Халықаралық Бакалавриат студенттің диплом алу шарттарын белгілейді. Бұл келеседігідей шарттар:

а. оқушы CAS бойынша барлық талаптарды орындады;

b. оқушы 24 және одан көп балл жинады;

с. оқушы ТОК, Кеңейтілген эссе немесе пән бойынша «N» белгісін алған жоқ;

d. студент ағымдағы және/немесе Кеңейтілген эссе үшін «E» белгісін алған жоқ;

e. оқушы ешбір пән бойынша 1 бағасын алған жоқ;

f. оқушы жоғары және стандартты деңгейдегі кез келген пән бойынша «2» бағасын екіден көп алған жоқ;

g. оқушы жоғары және стандартты деңгейдегі кез келген пән бойынша «3» бағасын үштен артық баға алған жоқ;

h. оқушы жоғары деңгейдегі үш пән бойынша 12 және одан да көп балл жинады;

I. оқушы стандартты деңгейдегі үш пән бойынша 9 және одан да көп балл жинады;

j. оқушы Академиялық адалдық саясатының қағидаларын бұзбады.

Дипломдық бағдарлама толық курсының альтернативасы

Студент дипломдық бағдарламаның толық курсынан бас тарта алады және тек белгілі бір пән бойынша сертификат алу үшін бағдарлама бойынша оқи алады. Бірақ жеке сертификат Халықаралық Бакалавриат дипломымен бірдей артықшылықтар бермейтінін ескеру қажет.

Әлемнің ЖОО-да дипломның мойындалуы

Халықаралық Бакалавриат дипломы әлемнің көптеген елдерінде мойындалған. Әрбір жеке жоғары оқу орны пәндер бойынша өзінің өту балдарын белгілеп, белгілі бір мамандықтарға басым пәндерді айқындайды.

Сізді қызықтыратын елдегі университеттердің халықаралық бакалавриат дипломын тануы туралы ақпаратты ресми сайттан алуға болады: ibo.org/country/.