202

Шахмат

Шахмат балалардың математикалық қабілеттерінің дамуына оң әсерін тигізеді. Бұл ежелгі ойын балаларды тәртіпке баулиды. Ол оқушыларды ойлаған ойды қадағалауға, стратегияны жоспарлауға, алдын ала ойлауға және мақсатқа жетуге үйретеді.

Бейнелеу өнері

Шығармашылық – баланың ішкі жан дүниесінен туындайтын қажеттілік және ерекше шынайылығымен ерекшеленеді. Баланың өзіндегі суреткерлікті ашуға, бейімділігін дамытып,оның тұлға болып қалыптасуына көмектесу қажет. 

Домбыра

Күй қазақ халқының ұлттық байлығы, мәдени мұрасы. Сол себепті осы мәдени мұраны жалғастыра алатын орындаушы, насихатшы азамат дайындау аса маңызды. қушылардың домбыра аспабына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, баланы ұлттық өнерге, мәдениетке баулу, ұлттық танымын қалыптастыру, рухани дүниесін байыту қажет. 

Хореография

Би өнері – жасөспірімдердің тәрбиесімен жетілдіруіне үлкен үлесін қосады. Би өнері рухани әлемді байытып, баланың тұлға ретінде ашылуына көмектеседі. Кәсіби педагогтар балаңызға пластиканы, әртістік шеберлікті, көрермен алдында сахнада өзін-өзі ұстау мәнерін үйретеді.

Жетіген

Жетіген – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық көп ішекті шертпелі аспабы. Тыңдаушыларға жағымды әсер сыйлайтын жетігенді ертеде көк пен жерді байланыстыратын ғажайып қасиетке бай аспап деп, оны тек сарайларда, шағын топ алдында ғана ойнаған.