118

2022 жылы Астана қаласындағы Халықаралық мектеп алғаш рет Халықаралық Бакалавриат Дипломдық бағдарламасы (IB DP) бойынша оқитын 12-сынып оқушыларын даярлап шығарды.

11 және 12-сынып барысында оқушылар пәндерді тереңдетілген және стандартты деңгейде оқып, ең қиын халықаралық IB DP емтихандарына дайындалды.

2022 жылдың 6 шілдесінде IB бүкіл әлем бойынша емтихан нәтижелерін жариялады. 17 түлектеріміздің 16-сы ХБ дипломын алды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл әлем бойынша ХБ бітіру көрсеткіші 85 пайызды құраса, біздің мектепте бітіру көрсеткіші 94 пайызды құрады.

Әлем бойынша IB емтихандарының нәтижелері бойынша орташа балл 31 баллды құрады; біздің түлектердің емтихан нәтижелері бойынша орташа балл 30 баллды құрайды.

Біздің түлектер келесі ЖОО-нан толық грантта оқуға шақырту алды

  • Назарбаев Университеті
  • University of Applied Sciences Wurzburg-Schweinfurt (Германия)
  • – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • – Мармара университеті (Түркия үкіметінің гранты- Turkiye Burslary)

сонымен қатар келесі университеттер мен елдердің ішінара стипендиялары мен жеңілдіктері:

  • Ұлыбритания: University of Exeter; Oxford Brookes University; Kingston University; Anglia Ruskin; Coventry University; University of East London; University for the Creative Arts; Herriot-Watt University; University of Hertfordshire; Newcastle University.
  • – АҚШ: Virginia Polytechnic Institute and State University; Worcester Polytechnic Institute; Pace University; Hofstra University; University of Delaware; Michigan State University; University of Colorado Boulder; Marquette University.
  • – Нидерланды: Hanze University of Applied Sciences; Еrasmus University Rotterdam, Tulburg University, Leiden University.
  • – Италия: University Cattolica del Sacro Cuore; Istituto Europeo di Design.
  • – Канада: : University of Toronto.
  • – Швейцария: Glion Institute of Higher Education; College Caeser Ritz.
  • – Австрия: Modul University.

Ақпарат үшін:

Халықаралық Бакалавриат дипломы бағдарламасы (IB DP) университетке дейінгі екі жылдық курс (11 және 12 сыныптар). Бұл бағдарлама әлемнің 150 еліндегі 3090 мектепте жүзеге асырылуда және әлемнің үздік университеттері мойындаған жоғары сапалы білім алғысы келетін оқушыларға арналған.