592

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Астана қаласындағы Халықаралық мектеп» филиалы 2023-2024 оқу жылында балабақшадағы топтарды толықтыру мақсатында ақылы негізде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту мен тәрбиелеу бойынша үміткерлерді қабылдайтынын, сонымен қатар құжаттарды қабылдау төменде көрсетілген мерзімде жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Төменде онлайн тіркеуге болады

Онлайн тіркеу аяқталғаннан кейін ата-аналар электронды пошта арқылы келісімшартқа қол қоюға шақырылады.

2023-2024 оқу жылына санаты, оқу жылындағы балабақшаға келу ұзақтығы және қызмет үшін төлем:

Тәрбиеленушілер санатыОқу жылындағы балабақшаға келу ұзақтығыҚР резиденттеріҚР бейрезиденттеріТөлем
 Жаңадан қабылданғандар үшін кіру жарнасы (бір реттік) 320 000320 000Төлемнің бірінші траншымен бір реттік кіру жарнасы шартқа қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні аралығында жүргізілуі тиіс
1Мектепалды даярлық 5-6 жас  (қазақ/орыс)9 ай (1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы)2 000 0003 180 000Үш транш
2Мектепалды даярлық 5-6 жас (ағылшын)9 ай (1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы)2 820 0003 180 000Үш транш
3Ересек топ  4-5 жас11 ай (1 қыркүйек пен 31 шілде аралығы)2 000 0002 530 000Ай сайын (15-іне дейін)
4Орта топ 3-4 жас11 ай (1 қыркүйек пен 31 шілде аралығы)2 000 0002 530 000Ай сайын (15-іне дейін)
5Кіші топ – 2 жас11 ай (1 қыркүйек пен 31 шілде аралығы)2 000 0002 530 000Ай сайын (15-іне дейін)

Оқыту төлемақысының көлемі үш траншқа бөлінеді, соның ішінде:

  • 320 000 теңге мөлшерінде кіру жарнасы және бастапқы транш шартқа қол қойылған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде енгізілуі тиіс;
  • Екінші транш 2023 жылдың 31 тамызына дейін;
  • Үшінші транш 2024 жылдың 21 қаңтарына дейін.

*Төлемге балалардың күніне тамақтануы кіреді

*Жеңілдік: екінші балаға – 10%; үшінші және одан әріге – 15%

Балабақша мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Е-321 көшесі, 6/1 ғимарат, (Family Village ауданы)

Балабақша туралы

Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін

Қабылдау: 08.00-ден 08.30-ға дейін (содан кейін: таңғы жаттығу мен таңғы ас)

Жұмысты аяқтау: 18.00

Кезекші топтың жұмыс режимі: 18.00-ден 19.00-ге дейін

Демалыс күндері: Сенбі, жексенбі, мереке күндері және Қазақстан Республикасының заңнамасында демалыс күндері ретінде белгіленген күндер

Тегін үйірмелер:

  • Робокидс
  • Өнер студиясы
  • Шахмат (4+)
  • Каратэ (4+)
  • Ертегі терапиясы

Өтініш қабылдау мекен-жайы:

Астана қаласы, Есіл ауданы, Е-321 көшесі, 6/1 ғимарат, (Family Village ауданы)

Анықтама алу үшін:  +7 702 058 07 09

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін

Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Келісімшартқа қол қою үшін балабақшаға үміткердің ата-аналары (заңды өкілдері) келесі құжаттарды ұсынуы керек:

1. Өтінішті электронды форматта мектеп сайтынан жүктеуге болады

2. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) жеке куәлігі)

3. Балабақшаға үміткердің туу туралы куәлігі немесе үміткердің шетелдік паспорты (ЖСН міндетті түрде көрсете отырып)

Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін балабақшаға келу үшін келесі құжаттарды дайындау қажет:

1. Денсаулық паспорты № 026

2. Егу картасы № 063

3. Гельминт жұмыртқаларының нәжісті талдауы

4. Эпидорталығы туралы анықтама

5. Балабақшаға үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі немесе мектепке үміткердің паспортының көшірмесі (ЖСН міндетті түрде көрсетілуі тиіс)

6. Ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке куәлігінің көшірмесі

Бос орындардың болмауы құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз бола алады

Ескерту: Балабақша мына мекенжайда орналасқан: Астана қ, Есіл ауданы, Е-321 көшесі, 6/1 ғимарат (Family Village ауданы)