16

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы аясында «Менің Әуезовім…» атты НЗМ оқушылары арасында ІІ желілік әдеби-шығармашылық байқауын өткізді.

Жобаның мақсаты – Мұхтар Әуезовтың еңбектерін насихаттап, оқушылардың көркем туындыларды сүйіп оқуға ынталарын арттыру, шығармашылыққа баулу, рухани мұраны жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Байқауда мектебіміздің 11 В сынып оқушысы Жұмат Наздана пен 10 сынып оқушысы Адильбаев Ернур (өлең жазу) 3-орын иеленді.

Оқушыны дайындаған мұғалімдер: Ахметова Индира Абилхановна, Тлеубердиева Перизат Нурлановна

«Даналық бейсенбі» жобасының аясында Қырмызы Жандосовамен кездесу өтті.

«Хабар» арнасы «Оян» бағдарламасының редакторы, «Basqa Podcast» медиа жобасының жетекшісі, Қырмызы қазақ тіліндегі контент туралы баяндады. Осы салада жұмыс істеуді армандаған оқушылар журналистің жеткен жетістіктері, журналист мамандығын таңдаудағы мақсаты жайлы сұрақтарын қойды.