177

Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ақпараттық мәдениетін дамытуда рухани-құндылығы бай салауатты тұлғаны қалыптастыру үшін кітапхананың маңызы зор.

Мектеп кітапханасының іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары:

  • кітапхана қорын ұйымдастыру;
  • оқу бағдарламаларына сәйкес оқу үдерісін және өздігінен білім алуды 
    ақпарат көздерімен қамтамасыз ету;
  • oқырмандардың дереккөздерге тәуелсіз қолжетімділігін қалыптастыру ;
  • кітапхана пайдаланушыларын жаңа кітаптардың түсуі туралы уақытылы хабардар ету;
  • оқытуда озық халықаралық тәжірибені енгізу;
  • оқу мәдениеті мен сын тұрғысынан ойлауын дамыту, түрлі дереккөздер арқылы үштілділікті қолдау ;
  • білім беру, зерттеу және жобалау іс-әрекетінде оқушыларға қолдау көрсету.

Мектеп кітапханасы ғаламторда еркін жұмыс жасау үшін заманауи компьютерлік техникалармен жабдықталған.

Кітапхананың негізгі қоры қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 23000-ға жуық кітаппен, сондай-ақ электрондық білім беру дереккөздерімен жабдықталған.

Кітапханада зерттеу жұмысы мен демалуға арналған аймақтар бар, сонымен қатар кітап сақтауға, оқу залына және келушілердің жеке жұмыс жасауына арналған бірнеше жұмыс аймақтары ұйымдастырылған.


IB КІТАПХАНАСЫ

Халықаралық Бакалавриат бағдарламалардың мақсаты өмір бойы білім алуға және дүниетанымы әртүрлі болса да басқа да адамдардың көзқарасын қабылдауға дайын, белсенді, адамгершілігі мол, халықаралық түсіністігі қалыптасқан тұлғаларды дамыту. Кітапхана өз тарапынан аталған мақсатты халықаралық түсіністікті және ғаламдық қатысуды ынталандыратын дерек көздерін ұсыну, сондай-ақ көптілділікті қолдау мақсатында оқушылардың ана тілінде дерек көздері жинағын жасау жолымен жүзеге асырады.


Тегін электрондық ресурстар

  •  freekidsbooks.org/toddler/ – балабақша мен бастауыш мектепке арналған кітаптар сақталатын сайт. Кітаптар қарапайым дәрежедегі ағылшын тілінде жазылған.
  •  www.kidsworldfun.com/ebooks.php  – бұл сайтта жаңа бастаған және тәжірибелі кітап оқырмандарына арналған тегін электрондық кітаптар жинақтамасы бар. Кітапты жүктеп енгізуге және оқуға болады.
  •  www.oxfordowl.co.uk/welcome-back/for-home/reading-owl/find-a-book – бұл сайттан 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын кітаптарды тегін жүктеп алуға болады. Сайтта кітап оқуға ынталандыратын «Oxford Reading Tree» кітаптар топтамасы және басқалары бар.

Oқушылар мен мұғалімдерге арналған ең үздік білім беру ресурстары !

  •  www.twig-bilim.kz – мектеп бағдарламасы негізінде жасалған мыңдаған керемет қысқа фильмдер мен оқу материалдарынан тұратын, 30-дан аса елдің оқушылары мен мұғалімдерінің ықыласына ие болған жаңашыл білім беру ресурсы.
  •  search.ebscohost.com – EBSCO компаниясы пайдаланушылардың түрлі тобына арналған 200-ден аса ғылыми, техникалық және медициналық қорларды қамтитын, ақпараттық қызмет көрсету нарығындағы электрондық сервис пен деректер қорының басты жеткізуші болып табылады. EBSCO дерек қорын 30000-нан астам толықмәтінді журналдар, кітаптар, газеттер, анықтамалар мен аналитикалық шолуларды ұсынады.
  •  www.imektep.kz – мектеп бағдарламасына арналған ең бай интерактивті сабақтар жинағы. Мектепке дайындық, бастауыш мектеп математикасы, орта мектеп математикасы, физика, химия, биология, география, ағылшын, француз, неміс тілдері және қазақ әдебиеті.
  •  www.bilimland.kz – мектеп бағдарламасы бойынша жасалған 10 000-ға жуық интерактивті сабаққа жол ашады.Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жұмыс істейді.Мұғалімдерге арналған мыңдаған көрнекі құрал ұсынады.
  •  www.apastyle.org – APA стилі туралы мағлұмат.