86

Кеше 2021-2022 оқу жылының екінші жартыжылдығына арналған жоспарды талқылау бойынша педкеңес өтті. Мектеп педагогтары мен қызметкерлері алдын-ала IB профилге сәйкес топтарға бөлініп, қызығушылық білдірген тақырыптар бойынша CIS және IB стандарттарына сәйкес оқу процесінің (білім беру, тәрбие жұмысы, қаржылық жағдай) түрлі тақырыптарын ортаға салды.

Педагогикалық кеңеске қатысушылар заманауи білім беру және тәрбие үдерісінің сын-қатерлерін шешу бойынша өз ойларын ұсынды.

Мысалы, Reflective тобы ұсынған Action plan-ға сәйкес, тәрбие жұмысының жоспарына оқу бөлімі юниттерінің тақырыптарын қосқан жөн.

Ал Thinkers тобы мектептің Наурыз мейрамын тойлау дәстүрін қайта жаңғыртуды ұсынды. Дәстүр бойынша, мереке қарсаңында әрбір сынып бір ұлттың мәдениеті мен дәстүрін, ұлттық тағамдары мен киімдерін таныстырады.

Balanced тобы IB мектептерінің халықаралық әріптестігі шеңберінде оқушылармен алмасу бағдарламасына SWOT талдау жасады.

Risk-takers бөлек бағалау жүйесінің тәсілін енгізуге шақырды. Бұл өз кезегінде инклюзивті білім беру мәселесін шешуге мүмкіндік бермек.

Мұғалімдер сонымен қатар оқушыларға эмоционалды қолдау көрсету, мектептің техникалық жабдықталуы, одан әрі даму қадамдары мәселелерін қарастырды. Директор Айдар Булатовтың айтуынша, жоғарыда айтылған педагогтардың пікірлері мен ойлары болашақта мектептің стратегиялық жоспарын құру кезінде ескерілетін болады.

Ұстаздардың қызу талқылауы құттықтау бөлігіне ұласты: мектеп қызметкерлері ҚР БҒМ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және Халықаралық мектептің мақтау қағаздары мен алғыс хаттарымен марапатталды.