33

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің 4 «А» класс оқушылары ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің мұражайына барып қайтты.  Биыл республика көлемінде Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы аталып өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Соның дәлелі ретінде оқушыларымыздың ақын мұражайына жасаған мәдени сапарын айтуымызға болады.

Экскурсия барысында оқушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы толымды ақпарат алып, жаңа деректермен таныс болды. Сәкен Сейфуллиннің қолданған жеке заттарын көріп, мұрғаатта сақталған құжаттарымен танысты. Сонымен қатар, зияткер оқушыларымыз ақынның көзі тірісінде жарық көрген кітаптар топтамасы мен фотосуреттерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Балалардың мәдени сапары барысында экскурсия жүргізген мұражай қызметкері ақынға тиесілі әрбір заттың өзіндік ерекшелігі мен тарихына тоқталып, қысқаша әңгімелеп берді. Оқушылар шағын мұражайдың іші тарихи деректерге толы екендігін сезініп, жаңа ақпараттарға куә болып қайтты.  Мәдени сапардың танымдық әрі тәрбиелік мәні зор болды.