51

Қазақстандағы балалар жылы аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) елдік офисі және Еуропалық Одақтың (ЕО) Қазақстандағы өкілдігі оқушыларға арналған «Ақ плащтар: көрінбейтіндерге қарсы күрес» атты комиксін таныстырды.

2Н сыныбы комиксімен бірінші болып танысып, оқып қана қоймай, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускасқа, «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» Басқарма төрағасының м.а. Жанар Қалмақоваға, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Каролин Кларинвальға сұрақтарын қойып, әңгімелесті.

«Ақ плащтар: көрінбейтіндерге қарсы күрес» – COVID-19 кезінде ДДҰ ұсынымдары бойынша аурудың алдын алу бойынша кеңестер берілген, дарынды қазақстандық суретшілердің қылқаламынан шыққан комикс. Ол жас бүлдіршіндерге қызықты әрі түсінікті тілмен жазылған. Барлығы 4000 дана комикс қазақ және орыс тілдерінде таратылады. Олардың алғашқы легі мектеп кітапханасына табысталды.