16

2021 жылдың 15 қазанынан 17 желтоқсанына дейін «И.А. Бунин атындағы Елец Мемлекеттік Университеті» негізінде І Халықаралық «Живая вода русского Слова» фестивалі аясында оқушылардың шығармашылық жазбаша жұмыстарын жазу бойынша «Менің туған өлкем» атты халықаралық эссе байқауы өтті. Байқауға Ресей, жақын және алыс шетелден оқушылар мен студенттер қатысты.

Байқау нәтижелері бойынша 7В сынып оқушысы Айсана Утишева I дәрежелі дипломға ие болып, жеңімпаз атанды. Айсана фестивальге ұсынылған «Барлық жолдың бастауы – атажұрттың табалдырығы» эссесінде Отан, тіл, ұлттық құндылықтар және Қазақстанның өскелең ұрпағының болашағы туралы ойын білдірді.

10А сынып оқушысы Ислам Ахметжанов «Адам өмірі мен шығармашылығының Отан ұғымымен байланысы» атты авторлық жұмысы үшін «Адам мен ел тағдырының байланысын ұғыну тереңдігі» арнайы номинациясымен марапатталды. Байқауға Ислам Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бейнефильм мен эссесін ұсынған.

Оқушыларды орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амина Сабитова дайындады.