78

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның филиалы «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» балабақшасы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның филиалы «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» балабақшасы 2014 жылдың 2 қыркүйегінде ашылды. Балабақша 3-6 (7) жас аралығындағы балаларды Халықаралық «Primary Years Programme» PYP бағдарламасы бойынша оқытады.

Бағдарлама 3 пен 11 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Сонымен қатар, бағдарлама зерттеу іс-әрекетіне және іс жүзінде жасап көрсету арқылы оқытуға негізделген.

Біздің бүлдіршіндеріміз балабақша қабырғасында жеке тұлға ретінде қалыптасулары үшін, әрі өмірінің әр сәтіне қуанышты болуы үшін біз мектепке дейінгі білім беру саласының жетістіктерін әрдайым бақылауда ұстап, жақсы тұстарын өз жүйемізге ендіріп отырамыз.

Халықаралық Бакалавриаттың бастапқы сатысы болып есептелетін бұл бағадарлама балалардың әлемді тану процесін бір-бірімен және педагогтармен бірігіп жүргізілетін зерттеулер арқылы жүзеге асыруды көздейді. Бағдарлама моделін әлемнің үздік Халықаралық мектептерінің мұғалімдері дайындаған. Бұл бағдарлама аясында балалар тек білімдерін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар, жалпығаортақ оқу дағдыларын, ХБ оқушысы моделінің қасиеттерін бойына сіңіреді. Сол арқылы кездескен қиындықтарды шешудің дұрыс жолдарын табады.  

Бағдарламаның бастапқы сатысының өзегі –балалардың құрылымдық зерттеулері. Ол зеттеулер үйреніп жатқан материалдың қайнар көзі іспетті. Педагогтар мен балалардың бірлескен іс-әрекеттері негізгі және концептуалды сұрақтарға бағытталған. Ол сұрақтардың шешімен табу жолында шығу тегіне, мекеніне және біліміне қарамастан адамзаттың бірнеше буыны аянбай тер төккен.

Зерттеу – сыни ойлаудың негізі, әрі алға қойған мақсатқа жетудің кілті. Балабақшаның ересек топтарындағы жыл бойына оқытылатын зерттеу тақырыптарының саны – алты, ал ортаңғы және кіші топтарда – төрт.  Берілген зерттеу тақырыптары төмендегі трансдисциплинарлық тақырыптарды кеңінен ашады:

  • Біз кімбіз
  • Біздің уақыт пен кеңістіктегі орнымыз
  • Біз өзімізді қалай көрсетеміз
  • Әлем қалай құрылған
  • Біз өзімізді қалай ұйымдастырамыз
  • Жер шары – біздің ортақ үйіміз

Балалар осы тақырыптар аясында тарих, география, жаратылыстану, әдебиет, өнер, тілдер және математика салалары бойынша білім алады.

Педагогтың міндеті – оқуға жауапкершілікпен қарайтын, әрі достық қарым-қатынастың дамуына жағдай жасайтын орта қалыптастыру.

Ата-ананың да рөлі де елеусіз емес. Ата-аналар балабақшадағы әр түрлі іс-шараларға қатысу арқылы, балаларынан күнделікті қандай жаңа, әрі қызықты нәрсе үйренгендігін сұрау арқылы өз балаларын қолдап отыра алады.