18

«Re Vera» ISN командасы «Solve for Tomorrow» байқауының финалына өтіп, үздік отыздықтан көрінді.

Әлібек Сеитов, Хақназар Әбілда, Инсар Тунгушбаев, Әділхан Каиржан, Абылай Болат, Тамир Талғат, Дания Оспанова, Мөлдір Елеусіз, Айдана Уалиевалардан құралған команда байқауға «Accessus» жобасын ұсынды. Жоба жетекшісі – информатика мұғалімі Диар Кундакпаев.

«Accessus» – виртуалды шындық технологиясының негізіндегі ғылым пәндерін оқып-үйренуге және оларды жүргізуге арналған мобильді қосымша.

– Көптеген мектептерде оқушылар тек теориялық білімді алатындықтан, зерігіп, содан оқу үлгерімі төмендеуі байқалады. Біздің жобамыздың арқасында оқушылар ғылыми пәндерді оптикалық материалдар бойынша оқуға мүмкіндік алады. Қазір біз патент алу үстіндеміз. Көп ұзамай қосымшаны AppStore және PlayMarket-те іске қосатын боламыз, – деп бөліседі команда капитаны Әлібек Сеитов.

Samsung компаниясы мен «AYALA» қайырымдылық қоры ұсынған 450 000 теңге көлеміндегі сыйақы, оқушылардың айтуынша, мобильді қосымшаның техникалық жабдықталуына жұмсалмақ.