33

2C, 2D, 2Е және 2G сыныптарының оқушылары Жаңа жыл қарсаңында барлық бүлдіршінге таныс Корней Чуковскийдің «Муха-Цокотуха» ертегісінің желісі бойынша спектакль ұсынды.

Естеріңізде болса, шыбын-Цокотуха достарына керемет той жасап жатқан уақытында, оны өрмекші ұрлап әкетеді. Екі күндік іс-шара «Әдебиет» тақырыбындағы юнит аясында ұйымдастырылды.

Бұл ертегі жаман қасиет – қорқақтық, жақын достарың қанша уақыттан араласып келсеңіздер де, көмекке келе бермейтіндігін үйретеді, өйткені өрмекші шыбынды ұрлаған кезде, оның қонақтары қашып, жасырынып жүреді. Ертегі батыл болу керектігін және ештеңеден қорықпау қажеттігін көрсетеді деп бөліседі көріністің басты кейіпкерлері – балалар.

Спектакльді қоюшылар: сынып жетекшілер Ж.К. Салкынбаева, А.С. Оразаметова, Д. С. Бейсенбаева, А. Б. Хасенова, мұғалімдердің ассистенттері Н. К. Саулембекова, А. М. Лагеза, С. Ж. Калиева. Сондай-ақ, костюмдерді дайындауға бейнелеу өнерінің оқытушысы Л. Н.Габдуллина көмек көрсетті.