72

Құрметті оқушылар! Қадірлі ата-аналар!

Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені белгілі. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ! Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес»-дегені есімізде. Балалы үйді базарға теңеген бабалардың сөзі де санамызда.

Маусым айының алғашқы күнін балалар мерекемен қарсы алады. Олардың тыныштығы мен болашағын бүкіл әлем болып қорғалатын күн ретінде мерекелейді.

Құрметті балауса балғындар!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау ел мақтаныштары болуларыңызға тілектеспіз! Көк аспандарыңыз әрдайым ашық болып, бабаларымыздың бастан кешкен қиыншылықтары сендерге жолықпасын. Ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар! Үлкен азамат болып өсе беріңіздер!