68

Бүгін мектеп қабырғасында ұжымдық рухты нығайтып, әріптестердің басын біріктірген іс-шара ұйымдастырылды. Мамандар айтпақшы, мұндай шаралар стресске қарсы тұрып, қызметкерлер ортасында өзара түсіністікті жеңілдетіп, жағымды қарым-қатынас орнатуға және бір-бірін жұмыс кеңсесінен бөлек арада танып білуге өте жақсы мүмкіндік береді. Таза ауада әрі ашық алаңда өткен белсенді сайыстар мен қызықты ойындардан соң, барлығының көңіл-күйі көтеріңкі жағдайға жетті. Көріп отырғандарыңыздай, қатысушылар ортақ суреттерге көптеп түсті.

Танымал да сүйікті топтық жаттығулардан басқа әрбіреуі жиырма шақты адамнан құралған бірнеше команда ойжұмбақ, сергіткіш әрекеттердің түр-түрі сынды ерекше және әркімді еліктірер жарыстарға қатысты. Мәселен, қызметкерлер ас дайындайтын сессиялар барысында мектептің ас үйінде айшықты тағамдар жасасты. Олардың үстінде қатысушылар әңгіме-сұқбат құрып, көз алдарында өз қолдарымен жасаған балкүлшелерге қарап масаттанды. Жаттықтырушылар әр командаға бұрын-соңды болмаған тағамдарды әзірлеу тапсырмасын міндеттеген болатын. Дәл сол күні өзге де іс-шаралар қолға алынды. Арасында қызметкерлер топ болып ақ қағазға өз саусақтарымен сурет салды. Осылайша тимбилдинг мектеп ұжымына өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін танытып, бәсеке мен серіктестіктен тұрған ұжымдық қам-қарекеттерді ынталандыруға жол ашты.

Ұжымдық рухты қалыптастырған керемет сенбіде Алия Мадхалыкова әріптестеріне келесідей сөзін арнады: «Бүгін биылғы алғашқы отбасылық шарамызды өткіздік. Көптеген жылы сөздер айтылып жатыр. Алайда осындай нәтижеде сіздердің зор үлестеріңіз барын мойындау керек. Қандай қызметте отырсаңыз да, қандай жұмысты атқарсаңыз да, жасыңыз қаншада болса да, қай жерден шықсаңыз да, Қазақстаннан ба әлде басқа елден бе, маңызды емес: «теріңіздің түсіне, ұлтыңызға және діни сеніміңізге қарамастан» демекші, сіздер ортақ мақсатқа жету жолында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, біріктіңіздер. Түрлі тапсырмаларды орындай отырып, барлықтарыңыз бір-біріңізге алаңдап, қарайласып, көмектесіп, бір-біріңізді қолдадыңыздар. Кейбіреулер бойларында жасырынған қабілеттерін осы күні ғана анықтап жатса, біреулер бар таланттарын паш етті. Топтық жұмыстың қағидаларына сүйене отырып, бір команда болудың қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Команда дегеніміз – бірлік пен ауызбіршілікті білдіретіндей керек кезде жұдырық болып жұмыла қалатын бір қолдың саусақтары. Осындай рухымызды ұзақ сақтап тұруға шақырамын. Сонда ғана әрдәйім жұмысымыздың ұраны: «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» болады.

Білім ордамызда ахуалымыз жайлы, күн райы шуақты болсын. Әрбіріміздің өмірімізде қуантатын жағымды естеліктер көбірек болсын. Жарқын күндеріміз ұмытылмас уақиғалардан құрақтай құралып, сәттілік пен ғажап көңіл-күй сыйласын. Осындай тамаша күніміз шығар белестеріміздің бір жаңа сатысы болсын. Күшіміз – бірлікте! Баршаңызға көп рақмет! Қатарымызға жаңадан қосылғандарға: «Отбасымызға қош келдіңіздер» деймін!»

Бастауыш сынып мұғалімі Наталья Дирксен былай деді: Іс-шараға көп рақмет. Бүгін біз талай-талай жігерлі, жағымды сезімдерге толы, әсерлі шақтарды бастан өткердік.

Самал Демесинова: Бүгінгі шараны ұйымдастырған басшымыз Бауыржан Сайлаубайұлына алғысымызды білдіреміз! Керемет ұжым! Керемет күн!

Назым Аманова: Осындай ұжыммен жұмыс істейтініме қуаныштымын!

Мархаба Курманова: Барлығына рақмет, әсіресе шараның басты ұйымдастырушысы – біздің директорымыз Бауыржан Сайлаубайұлына алғыс айтамын. Бұл ұмытылмас әрі аса мазмұнды тимбилдинг болды! Өз басым мұны көптен күткен едім. Аты әйгілі және дамыған ұйымдарда мұндай шаралар жиі өтіп отырады ғой. Бірақ, меніңше, біздің жиын өте жоғары деңгейде өтіп, ең үздік болды. Басымызды қосып, көңілімізден шығатын сансыз шаралар әлі де алдымызда күтіп тұр деп үміттенемін.

Акмарал Конысова: Бұл күн шынында да керемет өтті. Бұл мектебіміздің шынайы бақыт мекені екендігін көрсетті.