19

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебінің бастауыш мектебі мен балабақшасы Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша бағалау сапарынан сәтті өтті!

Ағымдағы жылдың сәуір айында мектепті бағалауды жүргізген сарапшылар тобының оң есебі мектеп қызметінің Халықаралық Бакалавриаттың стандарттары мен тәжірибелеріне сәйкестігін көрсетеді. Бағалау сапары онлайн форматта өткенін және біз бұл қиын тапсырманы абыроймен атқарғанымызды ерекше атап өтеміз. IB PYP бағалау сапарының сәтті аяқталуы – бұл оқушылар мен тәрбиеленушілердің, ата-аналардың және біздің мектебіміздің педагогикалық ұжымының бірлескен жетістігі.

IB PYP сарапшыларымен онлайн-кездесулерге қатысқаны үшін ата-аналарға; сарапшылармен кездесулерде де, сабақ кезінде де мектепті абыроймен таныстырғаны үшін оқушыларға, бастауыш сыныптар мен балабақшалардың барлық қызметкерлері өздерінің уәкілетті мектеп мәртебесін алған күннен бастап төрт жыл ішіндегі еңбектері мен нәтижелі жұмыстары үшін алғыс айтамыз.

Біздің алдымызда тағы бір даму циклі тұр, алдағы 5 жылда мектеп сарапшылар тобы берген ұсыныстар бойынша жұмыс істейтін болады. Үздіксіз даму және өмір бойы білім алу – біздің миссиямыздың негізі. Миссияны жүзеге асыру – мектеп қауымдастығының барлық мүшелерінің ортақ ісі. Біз бірге әлемнің жақсаруына үлес қосамыз!