15

Мамыр айының 16-сы Астана қаласындағы Халықаралық мектепке қосымша білім берудегі тәжірибемен алмасу мақсатында Санкт-Петербург қалалық Жастар шығармашылық сарайының басшысы- Катунова М.Р. және директордың орынбасары- Ищенко Е.А. келді. Ресей Федерациясынан келген әріптестерге мектеп ғимараты бойынша кампус-тур өткізіліп, білім ордасының тыныс-тіршілігі жөнінде ақпарат берілді. Дармен Садуақасов атындағы Шахмат Академиясы, робототехника, сазөнер шеберханасы сынды үйірмелердің алуан түрлілігі қонақтардың ерекше ықыласына бөленді. Шетелдік педагогтарға мектептің дәріс залында 1 және 6 сынып оқушыларының орындауындағы танымал күйлерді тыңдау бұйырды. Ресейлік әріптестедің пікірінше, Астана қаласындағы Халықаралық мектепте балалардың жан-жақты дамуып, бәсекеге қабілетті ұрпақ болып қалыптасуыларына қолайлы жағдай жасалған. Кездесу соңында қонақтарға естелік сыйлықтар берілді.