135

Педагогтің еңбегі жоғары эмоциялық жүктемемен ерекшеленетіні рас: білім беру процесінің барлық қатысушыларымен тығыз қарым-қатынаста болу (балалар, педагогтар, ата-аналар, әкімшілік), балалардың өмірі мен денсаулығы үшін, сондай-ақ олардың алған білімі, біліктігі мен дағдыларының сапасы үшін үлкен жауапкершілік, жан-жақты, алда болу қажеттігі (жұмыста жаңа тәсілдерді, технологияларды пайдалану).

Педагогтерге тиімді психологиялық көмек көрсетудің бір түрі – тренингтер.

Мектебіміздің психологиялық қызметі мұғалімдерді эмоционалды күйзеліс синдромымен күресудің практикалық дағдыларымен, атап айтқанда «мандалотерапия» әдістерімен таныстырды.

Қатысушылар позитивті көңіл-күй, кері байланыс пен эмоционалды күюдің алдын алу жөнінде және күйіп қалу кезінде не істеу\не істемеу керек екендігі туралы жадынамалар алды.