47

«Интеллектуал – 2050» халықаралық қоры Болгар ғылым академиясының «Математика және информатика» институтымен әріптестігі шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте математика пәні мұғалімдеріне арналған «О конструктах в международных исследованиях постижениях по математике PISA и TIMSS и Европейской референтной рамке о ключевых компетенции» тақырыбындағы халықаралық семинар мен шеберлік сабағын өткізді.

Халықаралық семинарда Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің, физика-математика бағытындағы және Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, елордадағы жалпы білім беретін мектеп-лицейлердің, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің мұғалімдері бас қосты.

Тәжірибе алмасу мақсатында жиынға Болгар ғылым академиясы «Математика және информатика» институтының әйгілі профессоры, ғалым, лектор Борислав Иорданович Лазарев шақыртылды. Шетелдік ғалым семинар барысында метапәнділік амалының жалпы сұрақтары, метапәнділік контекстіндегі Блум таксономиясы, интеграцияланған оқыту пәндік-бағдарланған білім беру жүйесінің базисі, дидактикалық карта, деконстектуалдау, жекелеген білім беру траекторияларын құру мәселелері аясында ой бөлісті.

Шеберлік сабағына ұласқан семинардың екінші күнінде түйінді құзыреттіліктің Еуропалық референттік шегі, PISA конструктиві – математикалық сауаттылық, TIMSS конструктиві – сандық сауаттылық секілді өзекті тақырыптар қозғалды. Шеберлік сабағынын басты мақсаты – оқушыларды олимпиада есептерін шығаруға және зерттеу қызметімен айналысуға дайындау.

Теориялық және іс жүзіндегі тәжірибелер арқылы жаңа білімді игеруге арналған халықаралық семинар қатысушыларына жиын соңында Болгар ғылым академиясының «Математика және информатика» институты тарапынан сертификаттар табысталды.