56

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің MYP оқушыларына жаңа жыл қарсаңында мерекелік би кеші ұйымдастырылды. Заманауи ән мен музыкаға құрылған би кеші оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ырғақты дискотекаға қосылған Аяз ата мен Ақша қар жиналған оқушылармен бірге би биледі.

Кеш барысында оқушылар бір-бірін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, заманауи Аяз ата мен Ақша қар қатысушыларға азотты шоу көрсетіп, оқушылар ұмытылмас әсер сыйлады. Азотты шоу аясында орындалған тәжірибелер мен ойындар барша қатысушылардың көңілінен шықты.

Жаңа жылдық би кешін DJ OLAKZ әнмен сүйемелдеген болатын. Шараның ең негізгі әр қызықты бөлігі конфетти деп аталатын тәттілер тарсылы болды. Оқушылардың заманауи би кешін өткізуге үлес қосқан Student Council кеңесіне алғысымызды білдіреміз.