19

«Туған елге тағзым» – ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді зерттеуге бағытталған ең ірі жобалардың бірі. 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі жобаның мақсаты – оқушының зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын дамыту.

Мектеп директорының даму жөніндегі орынбасары Жаңбыржан Бекболатов жобаға ұсынылған жұмыстар – үлкен істердің бастауы екенін айтып, алғашқы мектепшілік іріктеу кезеңінің жеңімпаз-жүлдегерлерін марапаттады.

Зерттеу жобалары бойынша бас жүлдені Назгүл Нұрғали (11 А), Инсар Тунгушбаев (9 А) иеленсе, екінші орынды Нэйля Бүркітбаева (11 В) қанжылады. Сондай-ақ, үздік үштікті Әлібек Сеитов (11 В) пен Даяна Мукушева (11 В) қорытындылайды.

«Туған жер – тұғырым» үздік эссе номинациясы бойынша бірінші орынды Әсел Медеғали (11 А), Томирис Алмуханбетова (8 Е) алса, екінші орынға Линара Умирьяева (10 В), Нұрсәуле Есбол (10 В) және үшінші орынға Сабина Сейдуманова (11 А) мен Жансұлу Еңсебаева (10 В) ие болды.

Сондай-ақ, 56 оқушының ішінен суырылып шығып, үздіктердің қатарынан табылған оқушылардың қатарында 11 сынып оқушылары Даяна Абдрахманова, Айдана Шокатаева, Мөлдір Елеусіз, Дания Оспанова, Эриана Солюлаева мен Ілияс Есеналы (10 В), Аянат Абайқызы (9 А), Арманжан Нарбеков (9 С) бар.