19

Бүгін тұтас оқу жылының бойында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыға түсті. Астана қаласындағы Халықаралық мектеп Қазақстан Республикасының күзет ұйымдары ассоциациясының мамандандырылған оқу орталығынан сарапшылар шақырып, антитеррористік шаралар бойынша семинар ұйымдастырды.

Қонақтар, атап айтқанда полиция полковнигі Александр Сосорбарлаев кіріспе сөзінде террористік шабуылдар кезінде төнетін қауіп-қатерлердің әсерін бәсеңдетуге көмектесетін қызметкерлердің білік-дағдыларын дамыту қажеттілігіне баса назар аударды, себебі аталмыш мектеп сияқты үлкен ұжымдарға шабуыл жасау ықтималдығы қашанда зор. Содан соң мектептің бас мәжіліс залында Роман Шестаковтың идеясымен түсірілген фильм көрсетілімі өтті. Фильмнің мазмұны бойынша жарылғыш заттарды пайдаланбақ террористерге қарсы әрекет ету туралы, террористер қауіп төндіргенде қандай мінез-құлық таныту керектігі, эвакуация маршруттары мен ғимараттан шығу жолдарын қалай табу жайлы баяндалды. Іс-шара барысында мұғалімдер лаңкестік әрекеттен қорғану амалдары жайлы көптеп сұрап, ерекше белсенділік танытты.

Модератор соңғы сөз арасында террористердің іс-қимылдарынан туындайтын қауіптерге қарсы тұру үшін әрдайым қырағы, барлығынан хабардар болып, үйлесімді қимылдай білудің маңызын атап өтті.