12

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте білім алушылар арасында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында кешенді іс-шара өткізілді. Қатерлі індеттің алдын-алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын директордың мектеп қауымдастығымен жұмыс жөніндегі орынбасары Куляш Кабидолданова мен мектептің бас дәрігері Гульнара Каниева жүргізді.

Бас дәрігер аурудың қалай тарайтынын және одан сақтанудың шараларын ескертті. Оқушылар вирус жөнінде толғандырған сауалдарына жауап алып, дәрігер ұсынған ақпаратпен танысты.

Коронавирустың, сонымен қатар жедел респираторлық аурулардың алдын алу үшін қарапайым гигиеналық дағдыларды сақтау қажет. Бірінші дағды – қолды жиі жуу. Жануардан алынған өнімдерді термиялық өңделмеген күйінде пайдаланбаған жөн. Жоғарғы тыныс алу жолдарына, мұрынға, көзге, ауызға қол тигізбеуге тырысу керек», – деді дәрігер.

Іс шараға мектебіміздің MYP оқушылары қатысты. Қатысушыларға Коронавирусқа қатысты ақпаратта «Коронавирус 2019 nCoV» дегеніміз не, вирустың берілу жолдары, симптомдары, алдын алу, өзіндік қорғану әдістері туралы көрнекі құралдармен толық мағлұмат берілді.

Бір айта кетерлігі, бұған дейін ата-аналар мен мұғалімдерге коронавирус туралы арнайы жаднамалар таратылған болатын. Сондай-ақ, мектеп экрандарында коронавирустың алдын алу және болдырмау шаралары түсіндірілген бейнеролик үзіліссіз көрсетілуде.