13

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ашихара Каратэ Федерациясының ұйымдастыруымен «Алатау» спорт кешенінде Ашихара Каратэ АИКО тарихында алғаш рет әйгілі жаттықтырушылардың оқушылары арасында «Тосқауылға тосқауыл» («Стенка на стенку») атты турнир болып өтті. Жарыс алаңында жаттықтырушылар Саян Жандильдин мен Ербол Жумабековтың шәкірттері күш сынасты.

Турнирге жалпы саны 30 сайыскер қатысты. Доданың басты мақсаты – аталмыш спорт түрін Қазақстанда кеңірек насихаттау, клубтар арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, спортшылардың кәсіби шеберлігін дамыта отырып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің намысын қорғауға мектебімізден үш жас каратэші аттанған болатын. Қарсыластарына оңайлықпен берілмей, бар күштерімен соққы беруге тырысқан каратэшілеріміз мектеп қоржынына екі алтын, бір күміс медаль салды. Турнир қорытындысына сәйкес 2 «F» сынып оқушылары Амирхан Нурахметов пен Арыстан Ержанов бірінші орынды еншілеп, алтын медальмен марапатталды. 3 «А» сынып оқушысы Нурали Миятов екінші орынды қанжығасына байлап, күміс медальға қол жеткізді. Сонымен қатар, командалық есепте бірінші орынға тұрақтады. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен медальдар, естелік сыйлықтар табысталды.

Біз де өз тарапымыздан оқушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!