33

«Даналық бейсенбісі» жобасы аясында тележүргізуші, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт және оның шәкірті, танымал блогер Дәулет Мұқаевпен кездесу өтті.

Кездесуде мамандық таңдау, азаматтық қоғам мен адамгершілік қасиеттердің басым болуы тиістігі жөнінде айтылды.

– Мысалы, хирург бола тұрып, әдебиетте ізін қалдырғандар өте көп: Чехов, Шашкин, Булгаков. Хирург – өте зергерлік мамандық. Бірақ оған жүрегін, сезімін, адамға деген сүйіспеншілігін қосылса, бұл – құба-құп дүние, – деді Дана Нұржігіт.

Ал Дәулет Мұқаевтың сөзінше, әлемдегі ең қиын мамандық – адам болып қалыптасу. Әрбір тұлға үшін бастысы – рухани құндылық пен білім. Қаржы саласында еліміздегі көп тұрғынға кеңес беріп, көмегін аямаған Дәулет Мұқаев оқушыларға отбасылық бюджетті білу және ата-ана қаржылық жағдайын түсіну маңыздылығын атап өтті.

Шабыт сыйлап, ой берген кездесудің аздық еткені рас. Алдағы уақытта Дана Нұржігіт оқушылармен тағы бір кездесіп, азаматтық қоғамды мектептен бастап қалыптастыру жөнінде ой тербеткісі келетінін жеткізді.