21

Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала мектептерінің 8-11-сынып оқушылары арасында алғаш рет «ISN CUP» пікірcайыс турнирі өтті.

Турнир астанадағы білім ордаларынан келген 24 фракция, 48 спикердің басын қосты. Елорда көлеміндегі үздік жас пікірсайысшылар турнирі мектебіміздің тарих пәні әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша финалдық кезеңге №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің «Дарын» фракциясы, №54 мектеп-лицейінің «Caps lock» фракциясы, №8 мектеп-лицейінің «Даму» фракциясы және Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының «Мирас» фракциясы өтті.

Ойын нәтижелері бойынша «Мирас» және «Даму» фракциялары 3-орынды бөліссе, екінші орынға «Caps lock» табан тіреді. Турнир бойы жеңіліс көрмеген «Дарын» фракциясы бас жүлдені алып, кубокқа ие болды.

Ең жоғары спикерлік ұпай жинаған «Дарын» фракциясының спикерлері Ажар Болатбекова мен Аружан Сайлаубай «Үздік спикер» атанды.

Тартысты турнирде білім және ғылым, саясат, әлеумет тақырыптарындағы қарарлар ойналды. Турнирге қаламыздағы «Nomad» және «Жеті Жар» студенттік дебат клубтарының тәжірибелі спикерлері төрешілік етті.

– Қалалық деңгейде өткен биылғы жылдың қорытынды турнирі жоғары деңгейде өтті. Дебаттың оқушыларға берері көп. Сол себепті бүгінгі өткен турнир оқушылардың дебатқа деген қызығушылығының оянуына және тәжірибе жинауына көп мүмкіндік бергеніне сенімдімін, – деп бөлісті турнир ұйымдастырушысы, тарих пәнінің мұғалімі Мейірім Ашу.