25

Осындай атаумен оқушылар, мектеп ұжымы мен ата-аналардың басын қосқан керемет кеш өтті. Баянды Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына орайластырылған кеш ән мен биге, күй мен сәнге толды.

Мектеп акт залының сахнасында Коркем Шолохова мен Анастасия Воеводинаның жетекшілігіндегі хореографиялық ансамбльдердің жас бишілері өнер көрсетті.

Концертте музыкалық жетекшілер Қазбек Атамбаев, Ақбота Сатаева мен Жалғас Сұлтановтың оқушыларының орындауындағы Құрманғазы, Дәулеткерей күйлері мен халық әндері шырқалды. Көрермендер Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін 7-сынып оқушысы Мөлдір Бейсенбайдың орындауында фортепиано аккордында тыңдай алды.

Сахнада кішкентай аруымыз, 2-сынып оқушысы Мөлдір Мәжітпен бірге жүргізушілік еткен қосымша білім беру мұғалімі Азат Мыңбаевтың сөздерімен толықтай қосылғымыз келеді:

– «Тәуелсіз елдің жастары – Ұлы дала елінің тірегі» демекші, тәуелсіздік руxымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Алдағы уақытта біздің оқушыларымыз талай белестерді бағындыратына да сеніміміз мол. Біз, жастар, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ алып ұландары болуға бар күшімізді саламыз!