28

Жексенбі күні Астана қаласындағы Халықаралық мектеп қызметкерлерінің тобы қатысқан Қазақстандағы алғашқы «Вело-қала» эко-фестивалі өтті. 23 адамнан құралған команданы мектеп директоры Бауыржан Ұзақбай бастады. Бүкіл елдің әр аймағында барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің атынан 4000-нан астам мұғалім, оқушы мен олардың ата-аналары велосипедке мінді.

Бұл вело-фестиваль «Ақбота» қоғамдық қорының көмегімен «Алматы қаласының тұрақты көлігі» жаһандық экономикалық қоры – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының «Денсаулығың мен қалаңның экологиясына қажет сенің қауіпсіз велосипедің!» атты гранттық жобасының шеңберінде ұйымдастырылды.

Вело-фестивальдың астарындағы негізгі ой елдің ересек азаматтары мен жастарының күш-жігерін эко-көліктерді насихаттауға бағыттаумен байланысты болды. Әлеуметтік акцияға қалаған адамдардың барлығы қатысып, белсенділік таныта алды.

Астана қаласындағы вело-фестивальды өткізуге Астана қаласының физика және математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйытқы болған. Аталмыш шараға сондай-ақ Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі, РФММ, №69 және №76 мектептерінің өкілдері қатысты. Іс-шараның бағдарламасы: «Ұлттық спорт түрлерінің аймағы» атты жанкүйерлердің ойын аумағы (асық ойнау, тоғыз құмалақ, жаяу тартыс) мен «Батырлар аймағы»-нан (кір тасын көтеру, қол күресі, арқан тарту) тұрды. «Жасыл старт» спорттық эстафетасымен қатар бағдарлама бойынша шаңғы таяқтарын ұстап скандинавиялық әдісше жүру, эко-ойындар мен йога өткізілді.

Алғашқы вело-фестивальдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының атынан мақтау қағаздарымен, БҰҰ даму бағдарламасының дипломдарымен, медальдар мен эко-сыйлықтар алып марапатталды.