12

Халықаралық мектепте 1 сынып оқушылары ұлы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына Ассамблея өткізді. Жиын барысында оқушылар Абай өмірінен деректер келтіріп, ақынның әжесі Зере мен анасы Ұлжан туралы ой бөлісті.

Абай туралы «Сиқырлы кітаптар» мультфильмін тамашалап, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тыңдады. Сонымен қатар, оқушылар өздері жаттаған Абай өлеңдерінен үзінді оқыды.

Жиын соңында мұғалімдер балалардың өнерлеріне алғыс айтып, Ұлы Абайдың  өлеңдерін оқуға, оның мән-мағынасына тереңірек үңілуге шақырды.