65

Директордың қаржы-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары. Филиалдың барлық қаржы-шаруашылық қызметін басқарады; филиалды жөндеу, күтіп-ұстау және жабдықтау, аумақты абаттандыру және тазарту бойынша жұмыстар мен қызметтердің орындалуын бақылау; филиалдың құрылымдық бөлімшелері персоналының еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі, күзет фирмасының қызмет көрсету ережелерін орындауын бақылайды; энергетикалық жабдықтарды пайдалану, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу және ұтымды қолдану саласындағы жұмысты бақылайды; өндірістік санитария және ғимараттар мен үй-жайларды өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес шаруашылық қызмет көрсетуді және тиісті жай-күйді, сондай-ақ жабдықтардың (жарықтандыру, жылыту, желдету жүйелері және т.б.) жарамдылығын бақылауды қамтамасыз етеді.
Білімі: Жоғары.
Бітірген оқу орындары: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы және Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Юриспруденция» мамандығы бойынша білім алған.
Е-mail: Kuanyshev_k@isa.nis.edu.kz