13

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте University of British Columbia өкілі Джеф Кийока оқушыларға арналған ақпараттық сағат өткізді. Аталған кездесуге 10, 11 және бітіруші 12-сынып оқушылары қатысты.

Бұл университет QS рейтингі бойынша 47-орында. Сондай-ақ Канаданың топ-3 университеттерінің қатарына кіреді. Оқу орнының ресми өкілі University of British Columbia-ға қалай түсу керек екенін және университетке қабылданар кезде IB бағдарламасының ескерілетін артықшылықтары жайында сөз қозғады.

Мектеп оқушылары да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын ала алды.