17

Астана қаласындағы Халықаралық мектепте Түлектер қауымдастығының қолдауымен «Samgau» түлектер форумы өтті. «EdGiving Alumni NIS: оқушыларға білім мен тәжірибе беру үшін мектепке оралу» тақырыбы шараға негіз болды.

Alumni NIS – бұл НЗМ түлектерінің бір-бірімен және мектеппен байланысын сақтау үшін құрылған түлектер қауымдастығы. Шараға 7-12-сынып оқушылары қатысты.

Форум Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Тараз, Ақтау, Өскемен, Семей, Қостанай, Атырау, Қызылорда қалаларындағы NIS мектептерінде де өтті.