55

Қарашаның 2-сінде мектебіміздің бір топ оқушысы «Qazaq Balasy» халықаралық вокал және хореография байқауында бірінші орынға қол жеткізіп, Астананың «Жастар» сарайынан жеңіспен оралды. «ISA Dance Astana» заманауи би ансамблі аталатын жасөспірімдер ұжымы сайыста мұғалімдері Руслан Мылтықбаевтың жетекшілігімен «би бағыттарының барлық түрлері» (хип-хоп, вакинг және басқалары) номинациясында 8-ден 12 жасқа дейінгі аралықтағы балалар арасында «New Generation» (Жаңа ұрпақ) тақырыбындағы хореографиялық қойылымын көрсетті.

Топ құрамындағы биші саны 17 адамды құрап, атап айтқанда 3 «B» сыныбының оқушылары Зере Абдигали, Диана Оспанова, Рауза Суиндык, 4 «A» сыныбының оқушысы Мадина Джакупова, 4 «B» сыныбының оқушысы Адия Мұратқызы, 4 «D» сыныбының оқушылары Аруана Қуаныш, Рашида Карнакова, Меруерт Амангелді, 5 «А» сыныбының оқушылары Жарқынай Байбек, Айжан Жакып, Эмилия Сартаева, Айша Насимуллина, Жания Жандар және Малика Касенова, 5 «D» сыныбының оқушысы Томирис Сатыбалды, 5 «G» сыныбының оқушысы Далида Алиханова мен 9 «B» сыныбының оқушысы Муса Ваннан тұрды.

Ансамбль жетекшісі Руслан Мылтықбаев та көзге түсіп, марапатқа ие болып, байқаудың ұйымдастырушылары атынан алғыс хат алды. Хатта «Qazaq Balasy» халықаралық байқауында көрсеткен жоғары орындаушылық шеберлігі, үздік өнері және ұлт болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан елеулі үлесі мен еңбегі үшін алғыс білдіреміз» делінген. Іс-шараның бас төрешілері болып Кадиша Агимбаева және танымал әнші Кентал (Талгат Кенжебулатов) қызмет етті.