25

Бүгін ISN-де 2-5, 6-9 және 11-сынып оқушылары арасында пәндік олимпиаданың негізгі бөлімі өтті. Олимпиада қатысушылары математика және логика пәндерінен білімдерін ортаға салып, бақ сынасты.

Біздің жас бүлдіршіндеріміз бүгін олимпиада жұмыстарын жазу үстінде. Олимпиада «Қызықты математика» және «Логикадан» өтеді. Басты мақстамыз – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және ойлау дағдысын қалыптастыру, – дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әділ Сұлтанғазин.

Олимпиада барысында оқушылардың ғылыми зерттеу қызметіне қатысты шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту көзделіп отыр. Мектептің сынып жетекшісі және аталған олимпиадада бақылаушы болған Наталья Дирксен бұған өз сенімін білдірді:

Оқушылар пән бойынша тапсырмаларды орындап қана қоймай, академиялық шынайылық, табандылық сияқты дағдыларды қалыптастырады. Балалар жоғары нәтижелер көрсетеді деп үміттенеміз, – деді ол.

16-қыркүйек күні оқушылардың олимпиада жұмыстары тексеріліп, 23-қыркүйек қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Соңғы жаңалықтарды ISN әлеуметтік желілерінен және ресми сайтынан оқи аласыздар!