102

Астана Халықаралық мектебінде жаңа оқу жылындағы алғашқы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыста мектептің ішкі тәртіп ережелері, тәрбие жұмыстарына қатысты жобалар мен мектеп үйірмелері, күн тәртібі, білім алушылардың даму бағыттары мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ әр сыныпта ата-аналар комитетін сайлау өтті.

Ата-аналар мен мектеп әкімшілігі бірлесе отыра өзекті сұрақтарды талқылап, мәселелердің шешу жолдарын қарастырды. Барлық ұсыныстар мен өзгертулер күн тәртібіне қойылды.