30

Астана Халықаралық мектебінде бейнелеу өнері мұғалімдерінің Ұстаздар күніне арналған «Art Collab» атты шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар мен мектеп қоғамдастығын педагогтардың шығармашылығымен таныстыру мақсатын көздейтін көрме 6-қазанға дейін жалғасады.

«Көрме бейнелеу өнері мұғалімдері үшін өз шығармашылықтарының нәтижелерін көрсету мүмкіндігін беріп қана қоймай, әріптестерінің арасында өзін танытуға, идеялар мен шеберліктің өзара алмасуының арқасында кәсіби өсуге мүмкіндік беретін шығармашылық алаң табуға сеп болды», – дейді әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Айнұр Мұқанова.

Мұғалімдер ISA қызметкерлері мен оқушыларына әр түрлі техникалар мен өнер түрлерінде орындалған 30 жұмысты ұсынды. Олар: кескіндеме, графика, өнер, қолөнер, мозаика және мүсін.

«Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының педагогтары мектеп оқушыларына білім беруде шешуші рөл атқарады. Өйткені, шығармашылық қабілеттерді дамыту – адамның өзін-өзі жетілдіруінің ажырамас бөлігі. Сезімдер мен идеяларды білдірумен, өз әлеуетін іске асырумен тығыз байланысты», – деп бөлісті бейнелеу өнері мұғалімі Арай Нуроллова.

«Art Collab» көрмесінің авторлары: Альмира Жаксипаева, Айгүл Толегенова, Айнұр Мұқанова, Арай Нуроллова, Назира Садвакасова, Алмагүл Абжанова мен Айдана Турмухамбетова.

«Алдағы уақытта осындай шығармашылық көрмелер тұрақты түрде өтіп тұрады деп үміттенеміз!» – дейді бейнелеу өнері мұғалімдері.