36

Мектептің акт залында 2021-2022 оқу жылында өзін-өзі басқару ұйымының Президентін ұлықтау рәсімі өтті.

Ілияс Есеналы Student council командасын таныстырып, мектеп қоғамдастығы алдында ант берді.

– Биылғы оқу жылы қызықты, танымды, әрі пайдалы болады деп сөз беремін. Ол құрмет, толераттылық, үлкен сыныптар мен кіші сыныптар арасындағы қарым-қатынас секілді құндылықтарға бағытталған іс-шараларға толы болады.