19

Астана қаласындағы Халықаралық мектеп «Ата-аналарға арналған мектеп» жобасының жаңа маусымын бастап кетті. Бастауыш мектеп координаторлары ата-аналарды шақырып, осы жоба аясындағы алғашқы кездесулерін өткізді. Олар ұсынған ортақ презентацияларының негізгі түйіні оқушылардың Халықаралық бакалавриат бағдарламаларына анағұрлым бірқалыпты өтуін қамтамасыз етумен және білім саласында өз мақсаттарына қалай жету керектігімен байланысты болды.

Кешкі сессия модераторлары Майра Кунанбаева, Тимур Боскин және Асем Досмухамбетова кіріспе жаттығулар мен топтық талқылаулар арқылы  келген қонақтарды IB PYP мектепке дейінгі білім беру және бастауыш мектеп бағдарламасымен жалпылама таныстырып, оның мән-жайын түсіндіріп берді. Координаторлар Халықаралық бакалавриат бағдарламалары шеңберінде тәрбие беруге қатысты тақырыптарды қысқаша қозғап өтті. Сессияға қатысушылар атаған мысалдарды пайдаланып, олар ортақ баяндамаларында айтылған маңызды мәселелерді көтерген тұжырымдамаларды сөз етті. Ата-аналар мен ұстаздар қандай нәтиже күтетіндерін, аталған оқу бағдарламасының табыстылығын қалай бағалайтындарын баяндап берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба IB ұйымымен бірлестікте мектебіміздің оқытатын бағдарламаларынан ата-аналар мейлінше көп пайда алып, оның қыр-сырын жақсы түсінулері үшін ойлап шығарылған. Кезекті семинарлар ендігәрі екі аптада бір реттен өткізіліп отырады.