32

Астана Халықаралық мектебінің 11-сынып оқушылары MYP бағдарламасының 10-сыныбында оқу кезінде жеке жобаны орындағаны үшін IB сертификаттарымен марапатталды.

Жеке жоба негізгі мектеп бағдарламасында оқудың шарықтау шегі саналады. Сондай-ақ оқушыларға жеке қызығушылыққа негізделген өнімді жасауға мүмкіндік береді.

Марапаттау рәсіміне жеке жобаларын осы жылы қорғайтын 10-сынып оқушылары қатысты. 11-сынып оқушылары өздерінде туындаған қиындықтар жайлы айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар 10-сынып оқушыларына ұсыныстарын айтты.