15

Тұңғыш Президент күніне орайластырылған «Ұлы Дала мұрагерлері» домбырашылар флешмобы мектебіміздегі домбырашы оқушылар мен ұстаздардың басын қосты.

Олар Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» және халық күйлері «Тепең көк» пен «Келіншекті» ойнады. «Тепең көктің» оркестрде жетігенмен де орындалғанын айту қажет.

– «Ұлы Дала мұрагерлері» флешмобы жыл сайын барша зияткер оқушы мен ұстаз домбырашылардың басын қосып келе жатыр. Жылда қаланың ірі ойын-сауық орталықтарында өтетін шара биыл пандемияға байланысты мектеп қабырғасында өтті. Шара оқушылардың ұлттық дәстүрі мен музыкасына, оның ішінде көнеден келе жатқан серігіміз – домбыраға деген айрықша ілтипаты. Көппен бірге, ансамбльде күй ойнау – бірлік пен ынтымақтастыққа тәрбиелейтінін де айту керек, – деп бөлісті мектептегі домбыра үйірмесінің жетекшісі Қазбек Атамбаев.

Қазақтың қара домбырасы мен күйлерін насихаттауды мақсат еткен шара осымен жетінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.