16

Халықаралық мектептің 2 «В» сынып оқушысы Сейсембаев Алинур бүгін ресми түрде «ӨЗ АЛАҚАНЫҢМЕН ЖАСАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» атты клубының ашылу салтанат өткізді. Мектебіміздің бірінші қабатына арнайы жәшік орналастырылып, Алинур өз сыныптастарымен бірге қорғансыз қалған жануарларға азық жинауды бастады. Балалар жәшікке азық жем, жылы төсеніштер салып, Алинурдың бастамасын бірауыздан қолдады.

Біз де Алинурдың бұл жарқын бастамасына сәттілік тілейміз! Қайырымдылыққа негізделген жобаның өскелең ұрпаққа берері мол деген сенімдеміз.