14

Оқу аптасының соңында, уәде болғандай, мектебіміздің делегациясы Астана қаласындағы ана мен бала орталығының онкология бөлімшесіне барып қайтты. Бұл топтың арасында болғандар:мектептің ата-аналар комитетінің мүшесі – оқушы Әмірхан Мұқатайдың әкесі, 9-сынып оқушылары Медет Мырзахметов, Алана Нурлакова, Томирис Кубиева, 8-сынып оқушысы Шыңғыс Махмұт пен мектеп директорының орынбасары Фатима Мухамедьярова.

Мектебіміздің қауымы осы қайырымдылық акциясына екінші жыл қатарымен қатысып келеді. Биыл иммунды жүйесі әлсіреген балаларға арнап мектеп өкілдері төрт қорап ойыншық, кітап пен дамытушы ойындар жеткізіп берді. Мектеп қауымдастығы сыйлаған әрбір зат су жаңа, пакетке немесе қаптамаға салынған күйде емделушіге жеке табысталды. Оқушылар физикалық және эмоционалдық жағдайы ауыр балаларға ойыншықтар ғана емес, сыйлықты ашып көрудің қуанышын сыйлағандарына аса риза болғандарын мойындады.

Қадірлі достар, сіздердің қосар үлестеріңіз ауруханаларда жатқан жеткіншектердің емделуін тездетуі мүмкін.

Нағыз байлық – кесек-кесек алтын мен күміс емес, денсаулық. (Махатма Ганди)