27

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан V желілік спартакида бастау алды.

Биыл спартакиада Халықаралық бакалавриат мектебінің базасында өтіп жатыр. Дәстүрлі дода 10-13-қазан аралығында «PlayOk» платформасында қашықтан өтеді.

Осы жылы Астана Халықаралық мектебінің намысын Аллаберген Татубаев, Аиша Танкеева, Мирас Дайыров, Назерке Ақан, Нұрәли Рапилбеков және Нұрсара Төлегенова қорғайды.

Спартакиадаға барлығы 94 зияткер қатысады. Айта кетейік, спартакиада аясында #тоғызқұмалақтатапқырлықбар челленджі бастау алды.