29

2022 жылдың 21-22 қазанында Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Оқыту, тәрбиелеу жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы» атты ХІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Дәстүрлі конференцияға 1300-ден астам қазақстандық оқытушы мен ғалым, сонымен қатар Финляндия, Ұлыбритания, Корея, Эстония, Ресей, Сингапур, Нидерланды, Жапония, АҚШ, Австралия, Португалия, Испания, Мальта, Болгария елдерінің белгілі педагогтері қатысты.

Астана Халықаралық мектебінің қызметкерлері де аталған шарадан қалыс қалған жоқ. Пленарлық отырыстарға қатысып, тәжірнбе алмасып, білімдерін толықтырды.

Айта кетейік, ISA оқушылары халықаралық деңгейдегі шараның ашылу салтанатында өнер көрсетті.