21

Астана Халықаралық мектебінде олимпиада қатысушылары мен жеңімпаздары марапатталды. Олимпиадаға 2-5, 6-9 және 11-сынып оқушылары қатысты.

2-5-сынып оқушылары «Қызықты математика және логика» пәнінен бақ сынаса, 6-9, 11-сынып оқушылары химия, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы, «Social Studies», құқықтану негіздері, информатика, биология, физика, Қазақстан тарихы пәндерінен олимпиада тапсырмаларын орындады.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту.

Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттармен, жүлдегерлер мен жеңімпаздар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.