17

ISN педагог-ұйымдастырушы-кураторлары үшін оқу жылы біліктілікті арттыру курсынан басталды.

Кураторлар өздерінің кәсіби біліктіліктерін үздіксіз арттырып, шеберлік сағаттарына, вебинарларға, тәжірибе алмасу сағаттарына қатысып отыруы тиіс. Осы мақсатта аталған әдістемелік бірлестік үшін  «ManageBac» онлайн-платформасына арналған семинар өтті.

«Бұл платформа ата-ана, оқушы, мұғалім және кураторлар қауымдастығын біріктіріп отыр. Бұл жерде барлық оқушының үлгерімі, қандай тапсырмалар орындалып жатыр соның барлығы жүктелген. Бұны оқып, біз өзімізге көп пайдалы дүниелер алып жатырмыз. Бұны ары қарай жұмыс барысында қолданамыз», – дейді педагог-ұйымдастырушы-куратор Медет Алимгазин.

Педагог-ұйымдастырушы-кураторлар – «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» ерекшеліктерінің бірі. Олар оқушыларға қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастырумен, білім алушылардың көшбасшылық, коммуникациялық, шығармашылық, эстетикалық, танымдық қасиеттерін дамытумен, ата-аналарды мектеп өміріне қатыстыру белсенділігін арттырумен айналысады.