74

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің  1 «А» сынып оқушылары  ата-аналар назарына «Ормандағы мектеп» ертегісін ұсынды. Жаңаша үлгіде және ерекше форматта ұсынылған ертегі жиналған қауымның көңілінен шықты.                                                                                                                      

Сюжеті балаларды достық пен татулыққа, мейірімділік пен адамгершілікке шақыратын шығармада орман жануарларының өмірі суреттеледі. Оқушылар орман жануарларын сомдап, рөлдерге бөліну арқылы ойнады. Өздеріне берілген рөлдерді сомдау барысында балалар жануарлар әлеміне саяхат жасап, олардың ормандағы тіршілігімен жақынырақ танысты.

Балалардың өнері мен қабілеттеріне тәнті болып, таңырқай қараған ата-аналар қойылымды жоғары бағалады. Ұстаздар қауымына өз алғыстарын білдіріп, келе жатқан мерекемен құттықтады. Біз де өз тарапымыздан балалардың игі бастамаларына сәттілік тілейміз.